Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Ермұрат Бапи өзін популист деп атаған Бекболат Тілеуханға жауап берді

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өзін популист деп атаған бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz/Ермұрат Бапи
Әлеуметтік желіде экс-депутат Бекболат Тілеуханның мәжіліс депутаттарын популистер деп атаған видеосы тарады.

"Ринат Зайытов, Ермұрат Бапи, Нартай Аралбай – популистер. Ең төменгі жалақы 300 мың теңге болмайтыны анық", – дейді Тілеухан.

Депутат Ермұрат Бапи бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бекболат Тілеухан сияқтылар ойына не келсе соны айтады. Зайытов пен Аралбай ең өзекті, саяси айтылмаған тақырыптарды көтеріп, билік пен қоғам алдында ашық айтады. Сондықтан мен Бекболаттың кейбір ақымақ сөздеріне мән бермеймін", - деді депутат.

Бапи өзінің мәжілісте соңғы көтерген мәселесі қоғамдағы деструктивті діни ағымдарға қатысты болғанын атап өтті.

"Бұл жерде популизм қай жерде болуы мүмкін? Әрине, бұл Бекболат Тілеуханның көзқарасына қатысты. Өйткені ол деструктивті діни ағымның өкілі. Сондықтан ол бізге қарсы", – деді депутат.

Еске салсақ, бұған дейін депутат Ринат Зайытов Қазақстанда ең төменгі жалақының 300 мың теңгеге көтерілуі керектігін айтып, депутаттық сауал жолдаған болатын.

Талқылау