Демалыс күндері сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істейді: БҚО-да карантин жеңілдеді
Батыс Қазақстан облысында жексенбі күндері сауда орталықтары мен базарлардың жұмысына рұқсат етілді, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты ұзартылды. 2 маусымнан бастап бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО-ның санитар дәрігерлері қазір өңір коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа көшкенін хабарлады. Бұл кейбір шектеулердің күшін жоюға мүмкіндік берді.
"Егер сәуірде КВИ жұқтырудың 4 мыңға жуық жағдайы болса, мамырда 3 мыңға жуық. Сырқаттанушылық 23 пайызға төмендеді. Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы штаттық режимде жұмыс істей алады, бұрын 20 пайыз болатын. Қоғамдық тамақтану нысандары бұрын сағат 9-дан 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Қазір жұмыс кестесі - сағат 7:00-ден 00:00-ге дейін. Қалааралық автобустардың қозғалысына рұқсат етілген", - деді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Бұқаралық іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынады.
Айта кетейік, БҚО екі айдан астам уақыт бойы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта болды.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)