Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыңдар: Мөлдір Әуелбекова орамалын сынға алғандарға жауап берді

Мөлдір Әуелбекова орамал тағып, екінші мәрте тұрмыс құрғалы бері көпшіліктің талқысында. Бірі есімін, бірін орамалын айтып, сауал қояды. Сахнаға жабық киініп шығудың мәдениетсіздік екенін айтады. Әнші сын айтушы оқырмандарына жауап берді. 

"Әй, бал (балдыз) қыз! Неғып есеп бересің? Әуретіңді жауып жүргенің үшін бе? Не үшін??? Образың әдемі, Аллаға шүкір! Сен дін ұстанғаның үшін кінәлі емессің! Әуретіңді жапқаның үшін кінәлі емессің! Алланың алдында КҮНӘЛІ болмасаң, адамның алдында КІНӘЛІ болғаның дым да керегі жоқ! Сондықтан ешкімге берме! Осы бетіңнен қайтпа!!!" деп тым жақсы хабарлама жіберді Жасұлан Базарбаев жездекем! Орамалыма қайта қайта қарсылық білдіріп, әр суретіме ерінбей қақсап жазып жүрген хэйтерлер терең ДЕМАЛЫҢДАР!", - деп жазды әнші.


Баян Алагөзова: Егер мен Мөлдірдің продюсері болсам, онымен жұмыс істемес едім


Әуелбекованің бұл сөзі біріне ұнаса, енді бірінің шымбайына батты. Әншінің тәкаппарлық көрсетті деп айыптағандар бар. 

"Ма Шаа Аллаһ жарасып тұр. Бақытты болыңыздар. Әуретін жабу парыз қыз балаға. Қабыл болсын ниетіңіз", "Елдің сөзіне сенудің керегі жоқ", "Адам адам алдында есеп бермейді, Құдай алдында есеп бересіз", "Демал дегеніңіз артық кетті, иманды қызға жараспайды", - деп жазды олар. 

Бұған дейін есімін Айша деп өзгерткен әнші сахнадан жырақтап кеткен еді. Оның өнерден қол үзетіні арагідік айтылып жүрді. Алайда әнші ресми жаңалығын хабарлады. Жолдасына "Сүйіктім" атты ән арнады.

Талқылау