ДДСҰ коронавирустың себебінен қызылша ауруы өршитінін ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы қызылшаның таралу қауіпі бар екенін айтып, ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі ұйым бірлесе отырып, осындай мәлімдеме жасады.
“2020 жылы 22 миллионнан астам бала қызылшаға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған жоқ. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3 миллионға көп, соңғы екі онжылдықтағы ең үлкен өсімді білдіреді және індеттің пайда болуына қауіпті жағдай туғызады", – делінген құжатта.
Сондай-ақ, балалардың тек 70%-ы вакцинаның екінші дозасын алды, бұл халықты қорғауға қажет 95%-дан едәуір аз.
ДДСҰ иммундау бөлімінің басшысы Кейт О' Брайен 26 елде ауру өршігенін хабарлады. Ол пандемияға байланысты кейінге қалдырылған қызылшаға қарсы вакцинацияны мүмкіндігінше тезірек жүргізуге шақырды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған