Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов: Жауабын күтіп жүрмін, мен үйленуге дайынмын

Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленуге дайын. Әзілкеш әлдекімнің жауабын күтіп жүргенін айтты. Алайда нақты шешімін жария еткен жоқ. Одан бөлек бұрынғы некесінің бұзылуына өзін ғана кіналайды. 

Бұл туралы Айдарқұлов желідегі тікелей эфир уақытында айтты. Әзілкеш оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі үйлену туралы жоспарын сұрады. 

Айдарқұловтың айтуынша, ол дәл қазір үшінші рет үйленуге дайын. 

“Мен әрқашан дайынмын. Жауабын күтіп жүрмін. Мен дайынмын”, – деді ол. 

Алайда кім жайлы айтып тұрғанын ашып айтпады. Әзілкеш сондай-ақ бес жылдан кейін өзін қалай елестететінін айттты.

“Бес жылдан кейін қоғам қайраткері ретінде өзімді елестетемін”, – деді актер. 

Желі қолданушысының бірі Ақбота Сейтмағамбет екеуінің мүлде жараспайтынын атады. 



“Ақботаның жеңілтек екені көрініп тұр. Сізге мүлде сай келмейді. Екеуінің екі түрлі адамсыздар. Сіз салмақтысыз. Әрі жассыз. Әлі жақсы жар кездеседі”, –деп жазды желідегі оқырманы. 

Алайда Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелдерінің кінәсіздігін айтып ақтады.

“Екі некемнің де бұзылғанына әйелдерім кінәлі емес. Бәріне өзім кінәлімін. Мен дұрыс болмадым. Сондықтан некем бұзылды”, – деп жауап берді.

Желі қолданушылары әзілкештен қалыңдығы жайлы сұрап, сұрақ астына алды. 

“Үйленейін деп жатырсыз ба?”, “Кіммен кездесіп жүрсіз?”, “Ол енді шоу-бизнестен емес шығар”, “Үйленуге асығыстық емес пе?”, “Үшінші рет те қателесіп жүрмеңіз”, “Балаларыңызды ойламайсыз ба?”, – деп жазды олар. 

Талқылау