Дәрігерлер сегіз мұғалімге қателесіп алты дозалық вакцина салып жіберді
Медициналық қателікке байланысты Испаниядағы мектептердің бірінің сегіз мұғаліміне коронавирустық вакцинаның алты дозасы бірден енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, Хельвес муниципалитетіндегі колледждің оқытушылары (Севилья провинциясы, Андалусия автономды қауымдастығы) 4 маусым, жұма күні вакцинацияланды. Содан кейін дәрігерлер қателесіп олардың әрқайсысына алты дозадан тұратын Pfizer вакцинасын екті.
Сонымен бірге вакцинацияланған мұғалімдердің бірі айтқандай, вакцинациядан кейін ешкімде ауыр симптомдар байқалмады, сондықтан бүгін барлығы әдеттегідей жұмысқа шықты. Осыған ұқсас жағдайлар Германия мен Италияда да тіркелген.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.