Дәрігерлер нәрестенің 10 сантиметрлік құйрығын алып тастады
Бразилияның Форталеза қаласында дәрігерлер жаңа туған нәрестенің 10 сантиметр болатын құйрығын кесіп алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, нәресте ұшында шар секілді өсіндісі бар құйрықпен туған. Ультрадыбыстық зерттеулер өсіндінің жүйке жүйесімен байланысы жоқ екенін көрсеткен. Құйрықты алып тастау үшін хирургиялық ота жасалды.
Ота сәтті өткен. Кейін дәрігерлер шар іспеттес өсіндінің май және біріктіруші эмбриондық ұлпадан тұратынын анықтады. Есепте өсіндінің аз зерттелген табиғи ауытқу екені көрсетілген. Ғылымда осы тектес 40-қа жуық жағдай тіркеліпті. Ең алғашқы құйрықты бала ХІХ ғасырда туған көрінеді.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес