Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер көп жүрудің пайдасына қатысты мифті жоққа шығарды

Ғылыми тұрғыда адамға күніне он мың қадам жасау керек деген деректер жоқ. Жаяу жүрудің пайдасы жайлы диетолог және эндокринолог Альбина Комиссарова "Российская газетаға" сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл мәлімдеме 1964 жылы Жапонияда Олимпиада ойындарының алдында "Манпо-кей" қадам өлшейтін құрылғының арқасында пайда болды, бұл "тәулігіне төрт мың қадам" дегенді білдіреді.

"Қадам өлшегіш қатты танымал болып, адамдардың ойында қалып қалған", — дейді маман. Ресейлік дәрігер дәл осы қадамдардың тиімділігі туралы ғылыми мәліметтер жоқ екенін айтты.

Ол Гарвард мектебінде 16 мың адамның қатысуымен жүргізілген зерттеу бар екенін, ол бойынша кардиоваскулярлық өлімнің төмендеуіне "күніне төрт мыңнан астам қадам" жүру кезеңінде қол жеткізуге болатыны анықталған.

Комиссарова бұған дейін қымбат тағамдардың қол жетімді түрлерімен алмастыру керектігін айтқан. Оның айтуынша, қарақұмық, тары мен сұлы жармасы квиноадан, оралған немесе жабайы күріштен артық емес, ал лактозаға төзбеушілік жағдайларын қоспағанда, қарапайым сүтті өсімдік майымен алмастырмаған дұрыс. 

 

Талқылау