Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дарын Мүбаровтың уағызын тыңдаған едім": Сириядан оралып сотталып жатқан ақтөбелік жігіт

ДАИШ қатарында аудармашы болған ақтөбелік жігіт Дарын Мүбаровтың  уағыздарын тыңдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

азамат

Ақтөбелік Дәурен Сәбитұлы Сирияда ДАИШ лаңкестік ұйымының қатарында соғысқан. «Жусан» операциясы арқылы елге оралған жерлесіміз қазір сотқа тартылып, жазасын күтуде. Айтуынша, орта мектепті бітіргеннен кейін дінге бет бұра бастайды. Дарын Мүбаровтың, сондай-ақ, такфіршілер мен жиһадшылардың дәрістерін тыңдаған. 

Бұл туралы ол YouTube желісіндегі «Adil Ukim» арнасына берген сұхбатында айтты. Дәурен 2009 жылы діни білім алу мақсатында Дамаскке аттанады. Оқу орнында ол детструктивті идеологтардың құрығына түскен. Ал виза мерзімі аяқталған кезде Дамаск билігі оны РФ депортациялайды. Бірақ Дәурен ол жерден елге оралмай, Сирияға соғысқа аттанып кеткен. 

«Дарын Мүбаров, Ринат сияқтыларды тыңдай бердім. ДАИШ-тың өзінің уағызшылары бар, солардың видеоларын тыңдадым. 2009 жылы оқу мақсатымен елден шығып кеттім. Бірінші Дамаск қаласына бардым, онда тек бір-ақ жыл оқыдым. Арабша әлі толық меңгермегендіктен, Қазақстанға қайту өкінішті болды. ДАИШ құрамына ислам халифаты жарияланғаннан кейін, екі айдан кейін бардым. Ол жақта ислам мемлекеті ғана емес, күрдтерде өз мемлекеттерін жарияламақшы болды. Мен кез-келген мемлекет соғыспен ғана құрылған деп білдім, дінін қорғап, сақтау үшін күреседі деп түсіндім», - дейді ол. 

азамат

Сәбитұлы ДАИШ-тың қауіпсіздік қызметінде аудармашы болған. Сонымен қатар, медреседе араб тілінен сабақ беріп, радикалды исламды насихаттаған.

«Таңертең майданда болып жатқан қателіктерді күзетші-махарлар жазады, соны қасымдағыларға аударып беремін. Іштегі тыңшы дейді ғой, сондай болдым», - деді ол. 

Сәбитұлы қару-жарақ пайдалануды жақсы меңгерген, Багуздағы шабуыл кезінде аяғына оқ сынықтары тиген. Ондағы қазақстандықтар «Әмірлерінен» ересектерге  50 доллардан, балаларға 30 доллардан әлеуметтік жәрдемақы алып отырған. 

Ақтөбелік жігіт Сирияның солтүстігінде күрдтердің  Халықтық өзін қорғау отрядына тұтқынға түсіп, «Жусан» операциясы арқылы елге оралған. 
Бүгінгі таңда «ислам мемлекеті террористік ұйымының» идеясын насихаттағаны үшін айыпталуда. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сабақтан шығарып жібергені үшін: Ресейде колледж студенті қатарластарына оқ жаудырды (видео)

Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақаттанды

Асылған ет жеп, виски ішіп отыр: Қостанай түрмесіндегі шенеуніктің жағдайы видеоға түсіп қалды

Түрмеге барлық жасап қойыпты

"Ауылдағылар 30 мың алады": Қазақстандағы имамдардың жалақысы қанша

Дін қызметкерлеріне жалақы 4 категория бойынша тағайындалады

Перуашев: Табысын жасырған миллионерлерді бәрібір таппайсыздар

Мәжілісмендердің айтуынша, одан да көңілді парақорларға бөлген жөн екен

Отағасы тіл тартпай кетті: Павлодар облысында жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

Апаттан жұбайы мен кішкентай үш баласы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді

Бас мүфти: Біз – қарияның дуалы сөзіне қарсы уәж айтпаған халықпыз

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сезім мен амалды үйлестіруге шақырды

"Маған жала жабылды": Мәнізоров өзіне тағылған айыптаулар туралы айтты

Айтуынша, оған ақпараттық шабуыл жасалған

"ҚазАгро" басшысы 20 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды (видео)

Ақша "Интер-Агро" ЖШС және "ИнтерАгроТрейд" ЖШС-ларына тиесілі

Кикбоксингпен айналысқан: 51 жастағы әйелді ұрып өлтірген қызға сот үкімі шықты

Қылмыстық іс жеткіншек қыздардың жасы үлкеніне ғана шығарылыпты

"Ауру деп түсік жасатпақ болған": Сау бала туған тараздық әйел дәрігерлерді сотқа берді

Надира Бешалиева: Ақша да, басқа да қажет емес. Дәрігерлер заң алдында жауап берсін
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр