Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"COVID-19 Еуропа мен АҚШ-тан жеткізілуі мүмкін": Қытайлық зерттеушілер індеттің таралуының жаңа болжамын айтты

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мамандары коронавирусты Ухань қаласына мұздатылған азық-түлікті жеткізетін заттармен әкелуі мүмкін деп болжайды. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Global Times газетінде жарияланған мақалаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайлық басылымның тілшілері бұған дейін бірнеше рет Уханьға барып, Қытайда коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайлары тіркелген теңіз өнімдерінің көтерме саудасының сатушыларымен сөйлескен.

Танымал вирусологтар мен эпидемиологтардың талдауы мен сұхбаттарының нәтижесінде басылым Уханьдағы індет Еуропа мен АҚШ-тан импортталған мұздатылған тағаммен жеткізілген деген болжамын алға тартады. 

CDC өкілі Ма Хуэйлай агенттіктің бұл гипотезаны қолдайтынын айтты.

"Қытайда 2020 жылдың сәуірінде індет басталғаннан кейін, жазда Пекин мен Даляньде эпизодтық эпидемиялар байқала бастады. Осылайша, біз эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіп, соның нәтижесінде вирустың басқа елдерден немесе аймақтардан суық тізбекті тасымалдау арқылы әкелінгенін растадық”, – деді ол. 

"Қазан айында Шандун провинциясындағы Циндаодағы мұздатылған азық-түлік қаптамасынан коронавирустың табылуы бұл болжамды тағы да растады. Біз вирустың теңіз өнімдері нарығы сияқты жерлерге кіре салысымен, бұл COVID-19-дың тағы да өршуіне әкелуі мүмкін екенін түсіне бастадық”, – деп қосты ол.

Ұйым өкілдері коронавирустың мұздатылған тағам арқылы таралу жолын бақылау үшін жаһандық ынтымақтастық механизмін құру қажет деп санайды.

Талқылау