COVID-19-ды жылдам анықтайтын құрылғы жасалды
Колумбия округіндегі Джордж Вашингтон университетінің ғалымдары COVID-19 немесе науқастарда антиденелердің іздерін дереу анықтай алатын шағын құрылғыны ойлап тапты. Бұл туралы MedicalXpress порталы хабарлады, - деп жазады Stan.kz.

Құрылғы ең жақсы өткізгіштерден тұрады және алтын қабатпен қапталған. Ол заттарға газ тәрізді күйде реакция жасай алады және тарататын сәуленің түсін өзгерте алады. Сонымен бірге жасанды интеллект детектордың реакциясын талдайды және науқастың қанында қандай зат бар екенін анықтайды.
Практика жүзінде детектордың бетіне коронавирусқа сезімтал реагент жағылғандықтан, вирустың бөлшектері детекторға тигенде, ол телефонның камерасы арқылы көрінетін шашыраған жарықты өзгертеді.
Зерттеушілер болашақта бұл құрылғы COVID-19 науқастарының дерекқорын құруға мүмкіндік беретініне сенімді.
ДДҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирустық инфекцияның 15,5 миллионнан астам жағдайы тіркелген. 635 мыңнан астам адам COVID-19 құрбаны болды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге