Coca-Cola-ның 28 миллион бөтелке сусынынан метал бөлшектері табылды
Аустрияда Coca-Cola зауытындағы жарты литрлік Coca-Cola, Fanta, Sprite және MezzoMix бөтелкелерінен металл бөлшектері табылып, 28 миллион бөтелкеге шағым түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АРА порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: АРА порталынан
Деректерге сүйенсек, бұл сусынның ең көп данасын қайтарған жағдай Аустрия тарихында бірінші рет болып отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша мәселенің себебі құю желісіндегі сүзгінің сынуынан болуы мүмкін. Салдарынан кейбір бөтелкелерге сусынмен қоса металдың кішкентай бөліктері түсіп кеткен.
Coca-Cola әзірге зардап шеккен жағдайлар тіркелген жоқ деп сендірді. Компания салдарын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Сатып алушылар ақаулы өнімді дүкендерге қайтарып, ақшалай өтемақы ала алады.
95 жылдық тарихы бар Аустриядағы Coca-Cola зауыты жыл сайын шамамен 471 миллион литр сусын шығарады. Ол – 900-ге жуық қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етіп отырған аймақтағы ірі өндіруші.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады