Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Цитрамон" 300-ден 700 теңгеге дейін: Алматыда дәріханаларды тексерген зерттеушілерді дәрі-дәрмек бағасы таңғалдырды

«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» Алматыдағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тексерді. Тексеріс нәтижесі зерттеушілерді таңғалдырды.

Алматыдағы дәріханаларды тексерген зерттеушілерді дәрі-дәрмек бағасы қайран қалдырды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тұтынушылардың құқығын қорғаумен айналысатын ұйым мамандары қаладағы ең ірі әрі танымал дәріханалардағы көп сұранысқа ие дәрілердің бағасын салыстырды. 

Зерттеушілер өзін әлеуметтік деп көрсететін дәріханаларда өзгелеріне қарағанда баға қымбаттау екеніне таңғалды. Сонымен қатар қалада дәрі-дәрмектің орташа бағасы айтарлықтай жоғары екені анықталды. Мысалы, «Цитрамонның» бағасы 300 теңгеден басталып, 600-700 теңгеге дейін жетеді. 

«Қаланың орталығындағы дәстүрлі түрде қымбат саналатын, қызмет көрсетуге баса назар аударылған дәріханаларда дәрі бағасы ең арзан болып шықты. Сонымен қатар сатылатын дәрі-дәрмектің сапасы да сауал туындатады. Мысалы, лидокаинді сатып алуда, оның 5 үлгісінің үшеуі елімізде тіркелмеген болып шықты. Яғни олардың құрамы мен сапасын тексеруге келмейді», - дейді ұйымның президенті Светлана Романовская.

«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» өкілдері қала тұрғындарының азық-түлік тауарларына қарағанда, дәрі-дәрмекке жиі шағымданатынын айтады. Зерттеу нәтижелері ашық көрсетіліп, тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылады. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...