Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Мәсімовтің інісіне байланысты тағы бір мәлімдеме жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовті әлі іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Пара алу фактісімен күдікке ілінген ол 2 айдан бері қашып жүр. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі аса ірі мөлшерде пара алды деп күдікке ілінген Нұрлан Мәсімовке әлі де іздеу салынғанын хабарлады.

“Назар аударыңыз, іздеу саламыз. Қазіргі уақытта Мәсімов іздестірілуде. Сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса Агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз”, — делінген ақпаратта.


Кәрім Мәсімовке қатысты істің мән-жайы белгілі болды


call-орталық 1424

+7 (7172) 909 260

+7 (727) 278 7300

+7 (707) 978 0808

Еске салайық, сәуір айының соңында Нұрлан Мәсімовке іздеу салынған болатынМәсімовтың орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. 

Талқылау