Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Челси" – 2025 жылғы УЕФА Конференция лигасының жеңімпазы

Фото: Getty Images

2025 жылғы 28 мамырда "Челси" футбол клубы УЕФА Конференциялар лигасының финалында Испанияның "Бетис" командасын сенімді түрде жеңіп шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Польшадағы Вроцлав қаласында орналасқан "Тарчиньски Арена" стадионында өткен матч 4:1 есебімен ағылшын клубының пайдасына аяқталды.

Ойынның басында-ақ "Бетис" шабуылға шығып, Абде Эззалзули 9-минутта алғашқы голын соқты. Алайда үзілістен кейін "Челси" толықтай басымдық танытып, төрт жауапсыз гол соқты. Гол авторлары – Энцо Фернандес, Николас Джексон, Джейдон Санчо және Моисес Кайседо. Коул Палмер екі нәтижелі пас беріп, финалдық матчтың ең үздік ойыншысы атанды.

Фото: Getty Images

Бұл жеңіс тарихи маңызға ие болды: "Челси" УЕФА аясындағы бес негізгі клубтық турнирдің бәрін жеңіп алған алғашқы команда атанды. Олар бұрын:

  • Чемпиондар лигасын (2012, 2021),

  • Еуропа лигасын (2013, 2019),

  • Кубок иегерлері кубогын (1971, 1998),

  • УЕФА Суперкубогын (1998, 2021) ұтып алған болатын. Ал енді 2025 жылы Конференциялар лигасының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, ағылшындық клубқа турнирдегі жеңісі үшін 7 миллион еуро көлемінде сыйақы беріледі. Әдетте Конференциялар лигасының жеңімпазы Еуропа лигасына жолдама алады. Алайда "Челси" Англия Премьер-лигасында 4-орынды иеленіп, келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысу құқығын алдын ала қамтамасыз етті.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 16:04