Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты. Australian Open турниріндегі жеңісінен кейін ол WTA рейтингінде бесінші орыннан үшінші сатыға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Австралия ашық чемпионатындағы жеңісі үшін Рыбакина 2 миллион 793 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде қаржысына ие болды. Бұл ұлттық валютаға шаққанда шамамен 1 миллиард 407 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, оған 2000 рейтингтік ұпай берілді.
Айта кетейік, Australian Open турнирінің финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді. Жаңартылған рейтингте Арина Соболенко өз көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Екінші орында Польша теннисшісі Ига Швёнтек орналасқан. Аталған турнирдің ширек финалында Рыбакина дәл осы Ига Швёнтекті жарыс жолынан шығарған еді.
Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Елена Рыбакина тарихи жеңісінен кейін 1 миллиард теңгеден аса сыйақыға ие болды
Сондай-ақ Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева да WTA рейтингінде айтарлықтай ілгеріледі. Ол бірден 24 сатыға көтеріліп, қазіргі таңда 70-орынға жайғасты. Путинцеваның еншісінде 909 рейтингтік ұпай бар.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді