Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ қорын басқаруды шетелдіктерге беру қарастырылуда

БЖЗҚ төрағасының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында қор активтерінің бір бөлігін басқаруды шетелдік компанияларға беру механизмін жүзеге асыру басталғаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БЖЗҚ қорын басқаруды шетелдіктерге беру қарастырылуда

«БЖЗҚ» басқарма төрағасының орынбасары Сауле Егеубаеваның айтуынша, дамушы нарықтардың жаһандық облигацияларының мандаты бойынша Aviva компаниясының басқаруына 220 млн. АҚШ доллары берілді.  «Бұл ақша есебіндегі зейнетақы қорының активтері. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне қарай 29 дамушы елдің BB-рейтингінен төмен емес 250 құнды қағаз эмитенттері белгіленген мандат бойынша анықталған. Жоғарыда аталған компания бүгінде бақылауында 450 млрд АҚШ доллары бар халықаралық деңгейдегі алып ұйымдардың қатарына кіреді», – дейді Сауле Егеубаева.

БЖЗҚ басшылығының айтуынша, қор активтері қаржыны басқарудың нақты бағыттары мен барлық ортақ шарттардың орындалу негізінде басқаруға беріледі. Өткен жылы, дәл осы басқару механизмі аясында активтердің бір бөлігін қазақстандық компанияларға беру мәселесі қаралған болатын.

«Бұл мәселе жыл бойы талқыланып, бүгінге дейін нақты шешімін тапқан жоқ. Премьер-Министр тапсырмасына орай, бұл мәселе жыл соңына дейін шешілуі тиіс. Басқаруға тек ақша емес, құнды қағаздар да берілетіні нақтыланғаннан кейін біз де дайын болуымыз керек. Десе де, шетелдік компаниялар қазақстандық эмитенттері бар құнды қағаздар портфеліне қызығушылығы төмен болғандықтан, оларға ақша есебінде беріледі», – деді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева.

Тағы оқыңыз: 

Шымкенттік лейтенант студент қыздың киім ауыстырып жатқан сәтін видеоға түсіріп, ақша талап еткен

Шымкенттегі өзіне қол салған мұғалімнің інісі де былтыр өзі секілді асылып қайтыс болған

Шымкентте әйелдерді сабауға арналған “жын шығаратын” қамшылар сатылып жатыр (видео)

Талқылау