AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адал термен жинаған ақшамды бермей отыр": БЖЗҚ Қазақстан азаматтығынан айырылған әйелдің зейнетақы жинағын беруден бас тартқан

Қазақстаннан Германияға қоныс аударған Эльенора Жанасбаева Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын сотқа берді. Оның сөзінше, еліміздің зейнетақы қоры оған жиналған қаражатын қайтарып беруден бас тартқан. Екі тарап мәселесінің мән-жайын Stan.kz тілшісі анықтап көрді. 

жанасбаева

Эльенора Жанасбаева Германияға көшкен соң сол мемлекеттің азаматтығын алғанын айтады. Алайда ол бұл елге келмей тұрып, Қазақстанның көші-қон қызметіне жүгінбегенін жеткізді. Соның салдарынан әйел БЖЗҚ-дағы қаражатын шығарып алу мүмкіндігінен айырылған. 

"2018 жылы шетелге көшу жайлы шешім қабылдап, Германияға қоныс аудардым. Қазақстанда шамамен 12-13 жылдай жұмыс істедім. Осы уақыт аралағында зейнетақы қорында адал еңбекпен тапқан 4 миллион жиналыпты. 2021 жылдың қазанында БЖЗҚ-ға өтініш жаздым. 8 қазанда құжаттың қабыданбайтыны жөнінде қолхат жіберді. Себебі ретінде Қазақстан Республикасы азаматтығының болмауын көрсеткен. БЖЗҚ тұрақты мекенжайымды Германияға ауыстыру процесін рәсімдемеуімді алға тартып отыр", - дейді әйел. 

Эльенора Жанасбаева БЖЗҚ-ның Көші-қон полициясы департаментінің хатын алға тартып отырғанын айтады. Дегемен іздене келе ол бұл шешімнің "Зейнетақымен қамсыздандыру" туралы заңға қарама-қайшы екенін анықтаған. 

"Зейнетақымен қамсыздандыру" туралы заңда зейнетақы жинағын ҚР азаматтығынан айырылған кезде және тұрақты тұрғылықты мекенжайын шетелге ауыстырған жағдайда берілетіні көрсетілген. Енді БЖЗҚ өкілдері маған көші-қон полициясына барып, жүйедегі құжаттардың жарамсыздық мәртебесін өзгертуге кеңес беруде. Алайда көші-қон полициясы тұрақты мекенжайын өзгерту туралы рұқсатты тек ҚР азаматтары мен Қазақстан аумағында тұратын адамдарға береді. Ал мен Қазақстан азаматы емеспін және тұрақты тұрғылықты мекенжай алу үшін Германияда тіркеуден шығуым керек. Жұмыстан кетіп, Қазақстанға келуге мәжбүрмін", - деп қосты ол.

Эльенора Жанасбаева Қазақстанда тұрғылықты тұратын мекенжай алу үшін Германия билігінің рұқсаты қажет екенін айтады. Тек осыдан кейін ғана жүйедегі мәртебені өзгерту туралы көші-қон полициясына сұраныс тастай алады.

"Адал еңбекпен жиналған қаржымды ала алмаймын және мұны әділетсіз деп санаймын. Осы жағдайдан кейін мен БЖЗҚ үстінен сотқа арыз жаздым. Алғашқы отырыс наурыз айында Алматыда өтеді. Сотқа қатысу үшін Қазақстанға баруым керек, үлгермесем, онлайн форматта қатысуға туралы келеді", - деп қосты ол. 

Аталған мәселеге байланысты Stan.kz редакция БЖЗҚ-дан түсініктеме сұратқан болатын. Ұйым өкілінің мәліметінше, "Халықтың көші-қоны туралы" Заңының 55-бабына сәйкес, Қазақстан азаматы басқа елге кету үшін міндентті түрде ішкі істер органдарында тіркеуден өтуі керек. Бұл оның салық берешегінің жоқ екенін растау үшін қажет үрдіс.

“Алдымен басқа елдің азаматтығын рәсімдеп, содан кейін Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін Қазақстан Республикасының консулдығына тапсырады. Онда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік Деректер базасында "Азаматтықтан айырылу" деген белгі қойылады. Мұндай белгімен БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын төлей алмайды. зейнетақы қорындағы төлемін алу үшін азамат ең бірінші басқа елге тұрақты тұруға кетуін рәсімдеп, бұдан кейін басқа елдің азамттығын заңдастырған жөн. Келесі кезекте зейнетақы төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын ұсыну қажет”, – деп түсіндірді БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Эльенора Жанасбаева зейнетақы жинақтамасын қайтарып алу үшін сотқа жүгінген. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін енді сот шешетін болады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр