Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы туризм және спорт министрі Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Ермек Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Тағайындау жөнінде үкімет басшысының ресми сайты мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі 

"Премьер-Министрдің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астанада дүниеге келген.

Ол С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, "Тұран" университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Сонымен қатар 2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі, 2023-2024 жылдары Туризм және спорт министрі қызметін атқарған.



Еске салайық, 31 тамызда Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі қызметінен босатылған еді. Мұның алдында ол облыстық спорт басқармалары басшыларының кем дегенде жартысын және көптеген федерация басшысын ауыстыратынын мәлімдеген еді. Бұл туралы экс-министр Париждегі Олимпиададан кейінгі кездесуде айтты.

Талқылау