AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрын сотты болған азаматтар балаларды мектепке тасыған – Бас прокуратура

Бас прокуратура Қазақстандағы мектеп автобустарында балаларды тасымалдау саласында бірқатар заң бұзушылықтар болғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, қажетті жүргізу санаты және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруы жоқ жүргізушілердің балаларды тасымалдау фактілері тіркелген.

Жекелеген өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген.

Сонымен қоса кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер – медициналық куәландырудан өтпегені белгілі болған.

"Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштердің, қауіпсіздік белдіктерінің, жарқылдауық маяктардың, "Балаларды тасымалдау" тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды", - деп қосты Бас прокуратура.


 


Жауапты мекеме ағымдағы жылғы 28 сәуірде Бас прокуратура Білім және ғылым министрлігінің атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдіктер қызметкерлері) тәртіптік жауаптылыққа тартылғанын жеткізді.

"Автопаркты жаңарту және балаларды тасымалдау үшін өңірлер мектептерін автобустармен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Әкімдіктер 515 жаңа автобусты, олардың бір бөлігін алдағы оқу жылына қарай сатып алуды жоспарлап отыр", – делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігімен бірлесіп тасымалдаудың (мектеп көлігімен) қауіпсіз жағдайларына оқушылар құқықтарының сақталуы белгісіне тексерулер жүргізуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр