AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теріс ағым өкілдері неке туралы аяттарды қалай бұрмалайды? Имам жауап берді

Қоғамда көп әйел алу мен талақ айту жайлы алып-қашпа әңгімелер көптеп кездеседі. Имамдардың айтуынша, көбіне мұндай қауесеттердің пайда болуына теріс ағым өкілдері себеп болады екен. Stan.kz тілшісі имамнан жат ағымдағылар неке жайындағы аяттарды қалай бұрмалайтынын сұрап білді.

Неке жайлы Құранда не айтылған?

Алматы қаласындағы Қарасай батыр мешітінің бас имамы Ержан Базарбекұлы Ислам шариғатында неке қию әдебі ең алдымен екі тараптың келісімі бойынша жүзеге асырылатынын сөз етті.

"Неке жайында Алла тағала Құран кәрімде: "Әйелдердің ішінен өздеріңізге ұнағанына некелесіңіздер" - дейді. Бұл жерде ұнау өте үлкен маңызға ие. Себебі алған жарыңды ұнатпау ертең отбасылық берекенің кетуіне алып келеді.

Көп әйел алу туралы шариғатта не айтылған?

"Көп әйел алуға қатысты Құранда: "Сіздерге ұнаған әйелдердің ішінен, қалағаныңызды алыңыз" деген аят бар. Ол жерде нешеу алуға болады дегенде: "біреу, екеу, үшеу немесе төртеуге дейін алуға болады" деген тұсын да айта кетуіміз керек. Алайда осы аяттың жалғасында "Егер әділдік сақтай алмайтын болсаңыздар, біреуі сіздерге дұрыс болады" деген шарт бар. Себебі әділетсіздік отбасылық берекені құртатын дүние", - дейді имам.

Әрине, исламда көп әйел алу мәселесіне рұқсат етілген. Алайда, еліміз зайырлы мемлекет болған соң тек бір ғана неке заңды деп танылады. Ал мешіттерде немесе басқа жерде АХАЖ-ға тіркелмей жүзеге асқан некенің ешқандай құқықтық күші болмайтынын атап өткен жөн.

Теріс ағым өкілдері неке туралы аяттарды қалай бұрмалайды?

"Теріс ағым өкілдері некелесу-ажырасу шарттарын өз ыңғайына қарай бұрмалап алған. Ал шариғатымызда бұл өте қиын процесс. Сондықтан теріс ағым өкілдері "ұнаған әйелдеріңізден біреу, екеу, үшеу, төртеу ала беріңіздер" деген жерін қабылдап, одан кейінгі "әділдік сақтай алмасаңыз, біреуімен шектеліңіз" деген Алла тағаланың шектеуін елеместен алдындағы сөздерге амал етіп жатады. Неке ол ағымдардың арасында оңай шараға айналып кеткен. Үйлене салады, содан кейін ажыраса салады. Әдетте мұндай ағым мүшелері пайғамбар сүннеттерін берік ұстануға көп шақырады. Ал енді ажырасуға келгенде, Алланың бұйрықтарын, бірінші насихат айту, төсек бөлу, тәртіпке шақыру, екі жақтан адамдар сайлап, татуласуға ұмтылу шараларын орындамай жатады. Көп жағдайда, бұл аяттарды тіпті елемейді." - дейді Базарбекұлы.

Имам сонымен қатар отбасылық құндылық - шариғатымызда өте жоғары бағаланатын айтып өтті.  

"Теріс ағым өкілдері "Алла тағала ең жек көретін амал – ажырасу" деген хадисті де ұмытып кетіп жатады. Негізінде олар  көбіне өздерінің идеологиясын дамытуға тырысады. Ал егер отбасы құндылығын жеңіл дүние санайтын болса, өздерінің идеологиясын еш уақытта дамыта алмайтынын түсінбейді. Сондықтан ислам шариғатының негізгі мақсаты – адамдарға жақсылықты жеткізу, жамандықты азайту. Ал жақсылықты көбейтіп, жамандықты қоғам арасында азайту үшін ең бірінші отбасылық құндықтарды жақсы сақтау керек. Себебі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Сіздердің ең жақсыларыңыз – жұбайына жақсы қарым-қатынаста болғандарыңыз. Шынында мен өз жұбайларыма ең жақсы қарым-қатынас жасаймын" деп, өзін үлгіге келтірген. Демек пайғамбар жолын тура ұстанамын деген адам ең бірінші кезекте отбасылық құндылықтарды сақтау қажет", - деп қорытындылады имам.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр