Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл – үлкен мәселе": Ақмола облысында шегірткелер егістік алқаптарына қауіп төндіріп тұр

Биыл Ақтөбе облысында қара шегіртке қаптауы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі әсіресе Әйтеке би ауданы зиянкестердің отанына айналады деп қауіптеніп отыр. Қазақстан бойынша фитосанитарлар 760 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіпті. Жердің басым бөлігі Әйтеке би ауданына тиесілі. Салалық орган егістікті отайтын зиянкестермен барынша күресіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

шегіртке

"Қазіргі таңда бізді алаңдатып отырған үлкен қаупі бар, бұл – Ақтөбе облысы. Жақында Әйтеке би ауданында мәжіліс өткізіп, техниканың дайындығын қарап, штаб отырысын өткіздік. Республика бойынша біз 760 мың гектар жерді өңдесек, соның тек бір ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 212 мың гектар жер өңдейміз. Біз үшін үлкен жұмыс", – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс.

Биыл шегірткеге қарсы күреске екі жарым миллиард теңге жұмсалады. Керек-жарақтың бәрі алынып, жұмыстар басталып кеткен. Алайда зиянкестердің таралу аумағы 2018 жылмен салыстырғанда едәуір қысқарыпты. Мамандар Қытай, Ресей, Өзбекстаннан жылда көшіп келетін шегірткелердің биылғы маусымда аса байқалмағанын айтады. Оған бір жағынан жүргізілген зерттеулер нәтиже бергенге ұқсайды. 

Бүгінде шегірткемен күрес жұмыстары субсидияланады. Жергілікті бюджеттен қыруар ақша бөлініп келеді. Бірақ бұл жұмыстар шаруаларды шаршатқан сыңайлы. Олар "Атамекен" палатасымен бірігіп, екі жыл бұрынғы жүйені қайтаруды сұрап отыр. Яғни алдағы жылдары шегірткемен күрес шаралары қайтадан тұтастай мемлекеттің құзырына берілуі мүмкін.

Талқылау