Актриса вегетариандық диетаны жарнамалап жалаңаш шешінді
Британиялық актриса әрі тележүргізуші Аманда Холден тұңғыш рет тырдай жалаңаш шешініп, халықаралық жануарларды қорғау ұйымының жарнамасына түсті.

Сурет huffingtonpost.co.uk
Түсірілім үшін 45 жастағы Холден жалаңаш күйі орамжапырақтың ішіне тік тұрып суретке түскен. Жарнамалық жоба салауатты өмір салты мен вегетариандық диетаны насихаттайды. Холден де компания осы жобасы арқылы адамдардың бойында вегетариандық қасиетті қалыптастыруға үлес қосады деп үміттенеді. Оның сөзінше терінің жақсы күтімі мен сымбатты дене үшін вегетариандық аса қажет.

“Вегетариан бол: сенің денең осы үшін сені сүйеді”, – деп жазылған компания ұранында. Түсірілімді британиялық фэшн-фотограф Тревор Лэйтон жүргізді.
13 жасында вегетариан атанған Холден, қазір Britain’s Got Talent музыкалық шоуын жүргізеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады