Бозжыра шатқалында салынатын қонақ үйдің эскиздері пайда болды
Қоғамдық тыңдауларда TETHYS AKTAU IV компаниясы "Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы қонақ үй кешені" жобасының эскиздерін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "инАктау" басылымына сілтеме жасап.

Бозжыра амфитеатрында виллалар, бассейндер, мейрамхана, ат қора, тікұшақ алаңы, SPA, фитнес-орталығы және "эскиздік жобаға сәйкес жайлы демалысты қамтамасыз етуге арналған өзге де ғимараттар мен құрылыстар" бар бутик-қонақ үйдің құрылысы жоспарлануда.




Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жоспары өткен жылдың қараша айында белгілі болды. Қоғамдық сыннан кейін құрылыс орнын Бозжыраның "ортасынан" 4 шақырым жерге ауыстыру туралы шешім қабылданды.




"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен