Бомбылау кезінде қолын жұлып кеткен сириялық қыздың қуанышы
Алеппо қаласында тұратын Тасним Якти бомба тасталған кезде он жаста еді.

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.
“Аяқ астынан бомбылау басталып кетті. Қабырғалар құлап, терезелер қирап жатты”, – деп еске алады сол бір қайғылы күндер жайлы.
Осы оқиғадан соң оның отбасы Сириядан қашып шығып, Ливан елінің Харайиб ауылында тұрақтаған. Сол бомбылау кезінде Таснимның сол қолын бомба жарықшағы жұлып кеткен. Қырсыққанда, Тасним бала жасынан солақай болып шықты. Ол, тіпті, орамалын орап, сөмкесін мектепке алып барудың өзі қатты қиналатын еді.
Арада жыл өткенде Таснимды Оңтүстік Африка гуманитарлық ұйымының мүгедектерді жоғары технологиялық протездермен қамтамасыз ету жобасына тіркеген болатын. Енді, міне, мамандар оған жасанды білек орнатып беріп отыр.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан