Бокстан Азия чемпионатының финалына 9 спортшымыз шықты
Бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына 9 қазақстандық боксшы жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алғашқы финалистер анықталды. 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында 9 боксшымыз финалға шықты. Назарларыңыз Азия чемпионатының алтынына таласатын боксшыларымыздың тізімін ұсынамыз:
35 келі. Абылай Досымбеков
40 келі. Бекхан Оразбаев
43 келі. Жұмағали Нұрмұхан
46 келі. Әмір Мұхит
52 келі. Нұрислам Оңалбек
55 келі. Әбдімансұр Жақсылық
61 келі. Алиимран Алиев
64 келі. Төрехан Қанатбай
70 келі. Мансұр Амантай
Айта кетейік, Әли Әбдікамал мен Жәдігер Мүсірәлі құрлық додасының қола медалін місе тұтты.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

