БҚО тұрғындары өз қаражаттарына субұрқағын құрды
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы Чапаев ауылының түлектері өз қаражаттарына субұрқағын салды. Ал, жергілікті халықтың қаражатына мешіт салынбақшы. Бұл туралы Мой город хабарлайды.

1996 жылғы мектеп түлектері тұрғындарға сый ретінде 1 млн теңгедан астам қаржы жинап Майданов атындағы саябақта су бұрқағын құрды.
Құрылыс жұмыстарына түлектердің өзі де ат салысқан. Бұл бастаманы аудан әкімі Әділ Жоламанов та қолдап, жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, алдағы қайырымдылық жұмыстарына арнады. Қаражаттың жалпы сомасы 7 млн теңгеден асады.
Мектеп түлегі Марат Игильмановтың айтуынша, саябақта балаларға арналған аттракциондар, сәкілер мен жарықшамдар жасалады.
Ал, тұрғындар жинаған қаражатқа ауылда мешіт салынбақ. Жаңа мешіт 150-200 адамға арналған. Мешіттің қашан аяқталатыны белгісіз. Құрылыс жұмыстары жиналған қаражатқа байланысты болып отыр. Келер жылы ауыл тұрғындары өз қаржысына спорт алаңын салуды көздеп отыр.
Юлия Чужова
Жіберіп алмаңыз:
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады