Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-ның алты полиция қызметкері қылмыс материалдарын таратқаны үшін жазаланды

Әлеуметтік желілерде қылмыстық іс материалдарын таратқаны үшін БҚО-ның алты полиция қызметкері жазаланды. Қазіргі уақытта ішкі істер бөлімінің жанынан табылған өлі әйелдің фотосуреттерінің таралуы жайлы тергеу жұмысымен БҚО ІІД МҚБ айналысып жатыр.

Бұл туралы «Мой Город» порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

БҚО Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Ахаевтың айтуынша, 2017 жылдан 2018 жылға дейін әлеуметтік желілерде материалдар таратқаны үшін алты полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Енді ІІД-нің ішкі қауіпсіздік департаменті 18 наурызда өлтірілген әйелдің фотосуретінің жариялануы туралы ресми тергеу жүргізеді. Аяусыз өлтірілген әйелді суретке кімнің түсіргені және таратқаны тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, Орал-Ақсай тас жолындағы Audi көлігімен патрульдік автокөліктің соқтығысып қалған сәтіндегі видеорегистраторғадағы бейненің әлеуметтік желіге жариялануы да тексеріледі. Тергеу қорытындысы бойынша жергілікті полицияның екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Талғат Ахаев.

Айта кететін бір жайт, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қылмыстық істердің материалдары жарияланып жүр. Оларды тек полиция қызметкерлері ғана таратуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да өлі күйінде табылған қызды басқа баламен шатастырып алды

Алматы облысындағы интернатта мүгедек баланың өліміне күдікті тәрбиеші ұсталды

Алматы облысындағы интернатта 10 жасар баламен жартылай жалаңаш ұсталған әйел жұмыстан қуылды

Қала орталығындағы ойын-сауық орталықтарының құрылысына тыйым салу керек. СО неге адам өміріне зиян?

 

Талқылау