БҚО-да мектеп мұғалімі орманда асылып қалды
БҚО-да мұғалім орманда асылып қалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқиға 16 қыркүйекте Теректі ауданында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 қыркүйек күні сағат 09.30-да Теректі ауданындағы Новая Жизнь ауылындағы үйден 100 метр қашықтықта әйелдің денесі табылды.
"21 жастағы бойжеткен асылып қалды. Тергеу оның мектепте мұғалім болып жұмыс жасағаны анықталды. 16 қыркүйек күні сағат 08.00-де ол жұмысына өзінің көлігіне отырып, кешке үйге оралмады. Телефон қоңырауларына жауап бермеді. Көршісі асылған қызды қоқысты шығарып жатқан кезде тапты", - деп түсіндірді департамент.
Айта кету керек, аталған факті бойынша Кылмыстық кодекске сәйкес «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған