Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бизнесті азаптауды мақсат етіп отырған жоқпыз": Цой кәсіпорындардағы вакцина алмаған қызметкерлерді не үшін тексеру қажеттігін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кәсіпорындарда вакцинацияланбаған қызметкерлердің бар-жоғына тексеріс жүретінін айтты. Министрдің сөзінше, рейдтерден бас тартуға болмайды, себебі ережелерді бірден бұза бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

студент вакцина

“Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің белгілеген ережелеріне қаншалықты сәйкес келетінін тексеруге мүмкіндік беретін құрал қажет. Егер бұл механизм болмаса, онда кез келген ережені елемей кететіндер табылады. Біз процесті басқаруымыз керек. Бизнесті азаптауды мақсат етіп отырған жоқпыз. Бірақ әр бизнес ұжымның қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындамаса, жазаланатынын түсінуі керек. Бұл қалыпты жағдай”, –деді ол.

Алексей Цой Мониторингке рұқсат беретін құжаттың өзі әлі қабылданбағанын айтады.

“Бұйрық талқылауға қол жетімді. Онда қазақстандықтарды жұмысқа жіберу үшін басты талап көрсетілген: бұл міндетті вакцинация немесе апта сайынғы ПТР-тестілеу”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Қажетті құжаттарының біреуінің болмауы өрескел бұзушылық болып саналады. Жұмыс берушіге 230 АЕК-тен (87 510 теңге) бастап айыппұл салынады.


Қосымша вакцина кімдерге салынуы мүмкін 


Денсаулық сақтау министрі тексерулерсіз қауіпсіздік шаралары қалай сақталатынын түсіне алмаймыз деді. Рейдтердің нақты күні әлі белгіленбеген. Бұйрық 20 қазанда бекітілетіні белгілі. Сондықтан кәсіпкерлерде жұмысшыларды толық иммундауды аяқтауға немесе медициналық шеттету туралы ақпарат алуға кемінде тоғыз күн бар.

“Ережелердің өзі бекітілді. 1 қыркүйекке дейін біз белгіленген топтарды вакцинамен қамтуды қамтамасыз етуіміз керек еді, мақсат – бизнесті жазалау емес, қысым жасау емес. Сондықтан қазір  қызметкерлерді вакцинациямен толық қамту үшін, тексерулерге сәйкес дайындалу үшін уақыт бар”, – дейді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов.

Талқылау