AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізге уақыт керек": Біртановқа қатысты сот процесі қайта басталды

Бүгін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот процесі қайта басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Экс-шенеунік сот алдына бұған дейін де келген. Онлайн отырып та жауап берді. Бірақ алғашқы процесте тергеу қайта жалғассын деген шешім шыққан болатын.

Біртанов бұл жолы да өзіне сенімді. Сотқа сақадай-саймын деп мәлімдеді.

Оның қолына кісен 2020 жылы қазан айында салынған. Экс-министрге лауазымын пайдаланып бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр. Денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезде жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдап қол қойды деген күдікке ілінген. Тергеу екі жылға созылды. Осы уақыт аралығында Біртанов үй қамағында отыр.

Бүгін оның адвокаттары тергеуде олқылық жіберді деп екі прокурорды істен аластатуды сұрады. Бұл арыз қанағаттандырылған жоқ. Заңгерлердің істі басқа судья жүргізсін деген талабы да орындалмады.

“Заңға сәйкес, заң тәртібіне сәйкес, біз өзіміздің адвокаттарымызбен осы шешімге қандай мүмкін арыз беруге барамыз ба немесе қабылдаймыз ба соған бізге уақыт керек. Ақылдасамыз. Содан кейін сіздерге мәлімет береміз”, –дейді айыпталушы Елжан Біртанов.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр