Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биткоин харам ба? ҚМДБ салған діни тыйымның криптовалюта нарығына қалай әсер ететінін сарапшылар түсіндірді

Елімізде мұсылмандарға криптовалютаны пайдалануға тыйым салынған еді. Қазіргі уақытта қазақстандықтар діни басқарманың мұндай тосын шешімін қызу талқыға салуда. Кейбіреулер діни тыйымның цифрлық валютаның сұранысына әсер етпейтінін айтады. Отандық криптовалюта өндірушілердің болашақтағы тағдыры қалай болады және ҚМДБ неліктен мұндай заң шығарды? Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

биткоин А

Қазақстан халқының 70% мұсылмандардан тұратынын ескерсек доллар бағамының көтерілуі мен цифрлық валютаға салынған діни тыйым азаматтардың аяғын біраз жерде шалатын секілді. Отандық қаржыгерлер қазақстандық крипто нарығы өз танымалдығынан айырылып қалу қаупі бар екенін болжайды.

"Бірқатар ресейлік банктердің SWIFT жүйесінен ажыратылуымен кейбір транзакциялар криптовалюта арқылы жасалуы мүмкін. Бірақ олардың көмегімен іс тындыру өте қиын. Себебі олардың баға мөлшерлемесі ауытқып тұрады. Сондықтан сол уақытта цифрлық валютаға деген қызығушылық азаяды деп ойлаймын", – дейді экономист Расул Рысмамбетов.

Мұндай діни шешімнің қабылдануына дін жолында жүрген азаматтар тарапынан түскен сындар да әсер еткен. Олардың сөздерінше, мұсылмандар тек бір ғана ұлттық валютаны пайдалануға құқылы екен, ал биткоин бұл қатарға қосылмайды.



"Бұл валюта түріне байланысты көптеген сұрақтар келіп түседі. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл мәселені саралап, осындай шешім қабылдады. Ислам дінінде күмәнді ақшадан аулақ болуға шақырады. Ал биткоинде қаржылық операциялар жабық форматта және шифрланған түрде жүзеге асады", –  деп түсіндіреді діни басқарма өкілі Қанатәлі Тәкіров.

Криптоөндіруші Осман Мұхамедтің сөзінше, діни басқарманың жаңа шектеулері майнерлердің кірісіне кедергі келтірмейді. Олардың пікірінше, крипто нарығына дағдарыс қауіп төніп тұрған жоқ. Тіпті керісінше, соңғы оқиғалар аясында қазақстандықтар арасында цифрлық валютаға сұраныс артып келеді. Жалпы есеп миллиардқа жуық.

"Неліктен биткоиндарға шектеу енгізді дейсіз бе? Себебі, осы заңды шығарушылар бізде биткоин көп, ал басқа криптовалюталарға сұраныс аз деп ойлайды", – дейді Мұхамед.

Талқылау