Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биткоин бағамы Қытай қысымынан кейін құлдырады

Биткоиннің бағасы 34 мың доллардан төмендеді. Бұл Қытай үкіметінің Сryptocurrency саудасына шектеулер енгізімен байланысты. Содан кейін биткоин біршама қымбаттады - Гринвичтегі 1900-дегі жағдай бойынша оның бағамы шамамен 40 мың долларды құрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеп хабарлайды. 

биткойн

Бейжің қаржы институттары мен компанияларға криптовалютамен қызмет көрсетуге тыйым салды. Сондай-ақ и нвесторларға алыпсатарлық сауданың қауіптілігі туралы ескертті.

Өткен аптада биткоин бағамы шамамен 10% - ға төмендеген еді. Өйткені Tesla басшысы Илон Маск өзінің компаниясы бұдан былай автокөлік сатып алғанда биткоинді қабылдамайтынын айтқан еді. Сонымен қатар, Маск компаниясында шамамен 1,5 миллиард доллар тұратын Сryptocurrency бар.

Кеше биткоин өткен жылдың наурызынан бергі уақытта бір күндік құлдыраудың ең ауқымды нәтижесін көрсетті. Бір сәтте курс шамамен 30% төмендеді. Басқа танымал  Etherium және Dogecoin сынды криптавальюталар сәйкесінше 25% және 29% жоғалтты.

Қытайда криптовалютамен сауда жасауға 2019 жылдан бастап тыйым салынған. Мұны ақшаны заңсыз иемденумен күрес деп түсіндірген еді. Алайда, іс жүзінде, биткоинмен сауда әлі де болса интернетте жүргізіліп жатыр, бұл биліктің алаңдаушылығын тудырды.

Қытайдың үш ұйымы – Қытай  ұлттық интернеті мен қаржы қауымдастығы, Қытайдың банк қауымдастығы және Қытайдың төлем және клиринг қауымдастығы әлеуметтік желілерде ескерту жасады. Егер тұтынушылар криптовалютамен байланысып, шығынға ұшыраса, онда оларды ешкім өтемейді, делінген ескертуде. Сондай-ақ, жартылай мемлекеттік құрылымдарда криптовалюталардың құбылмалылығы активтердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және "қалыпты экономикалық және қаржылық тәртіпті" бұзады.

"Қытай біраз уақыттан бері крипто кеңістігіне қысым көрсетіп келеді, бірақ бұл күшейе түсті. Енді қалған елдер ұлттық банктер өздерінің сандық валюталарын құруға көшкен кезде осы үлгіге ие бола алады. Осы уақытқа дейін Батыс реттеушілері битокинге жайбарақат қарады, бірақ көп ұзамай бұл өзгеруі мүмкін", - дейді сарапшы Нил Уилсон. 

Талқылау