Бішкекте тойға динозавр киімін киген жас жұбайлар желі қолданушыларын таңғалдырды
Жас жұбайлар АХАЖ-ға динозавр киімін киіп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Күйеу жігіттің мойнындағы галстук, ал қалыңдықта дәстүрлі гүл шоғы бар. Қыз жолдас пен күйеу жолдас та осындай киім киген.
Ерекше рәсімнің видеосын өзінің Facebook парақшасында Қырғызстан астанасының тұрғыны Владимир Цай жариялады. Ерлі-зайыпты мұндай әрекеттеріне қатысты түсініктеме бермеді. Желі қолданушылары жұбайлардың мұндай жаңашылдығына тәнті болып, бақыт тіледі.
“Керемет. Жарайсыздар. Бұл ұзақ уақыт есте қалады”, “Оларға айыппұл салына ма? Соңғы уақытта осындай нәрсе көбейіп кетті”, “Неге жасамасқа?! Қызықсыз, зеріктіретін зайырлы дәстүрлер кімге керек?! Барлық таптаурынды бұзып, өз қалауымызбен істеуіміз керек, бірақ, әрине, заң аясында. Батылдықтарыңыз үшін құрмет!” деп жазды желідегілер.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Қазақстандық жұп үш баладан кейін вазэктомия жасауға бел буды
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған