Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әңгіме басқа оқиға туралы": Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың көлікпен бала қаққаны жайлы ақпаратқа қатысты айтты

Ішкі істер министрлігі әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Бишімбаевтың бала қағып кеткені туралы ақпаратты тексерген. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха бүгін мәжіліс кулуарында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бұған дейін сотта Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова ашуланып кетіп, қызын өлтірді деп айыпталған Бишімбаев бұрынырақ баланы қағып, жауапкершіліктен құтылғанын айтты. 

Ішкі істер министрінің орынбасары бұл ақпаратты тексереміз деп уәде берген еді. Тексеріс оның “бала қағып кеткені” туралы ақпаратты растамаған. 

“Әзірге нақты айта алмаймын, бірақ ақпарат расталмады. Біз марқұмның туыстарымен, оның ішінде ағасымен сөйлестік. Ақпараттың қайдан шыққанын анықтадық, тексердік, онда әңгіме басқа оқиға туралы болған. Әзірге расталған жоқ, алдағы уақытта көреміз”, – деді журналистерге Игорь Лепеха.

Айта кетейік, әділет министрі Азамат Есқараев Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың заңды некеде болмай тұрып қалай мұсылмандық неке қиғанына байланысты сұраққа түсініктеме беруден бас тартты. 

"Бұл мәселені никах рәсімін өткізетін уәкілетті органмен талқылау қажет. Қылмыстық іс бойынша мен түсініктеме бергім келмейді. Уәкілетті органдар-діни бөлімдерді білдіреді. Нақтылап алған соң ғана тиісті жауап берейік", – деді министр.

Талқылау