Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың анасы адвокаттарын сынаған заңгердің үстінен арыз жазды

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы қорғаушыларын сынаған адвокаттың үстінен арыз жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/Jogargy_sot

Бұл туралы белгілі адвокат Джохар Утебеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Утебеков өзінің үстінен жазылған арыздың мәтінін де жариялаған.

“Бишімбаевтың анасы менің үстімнен арыз жазды! Адвокаттарының сұрақтарына сын айтқаным үшін. Ол сұрақтарды бүкіл ел сынап жатыр! Ол сұрақтар заң мен моральдан тыс”, – делінген жазбада. 

Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова Утебековтің үстінен өзінің адвокаттарын сынаған жазбалар жарияланғаны және жазбалардың астында жазылған пікірлерді қадағаламағаны үшін шағымданған. Сонымен қатар Утебековті “соттың әрекетін сынады” деп айыптайды. 

“Шын мәнінде, "адвокаттарға кедергі келтірді" деген шағым көзбояушылық. Содан кейін Бишімбаевтар менің үстімнен арыздануының негізгі себебі – "судьяның әрекетін сынады" деген шағымға көшеді. Бишімбаевтар судья Құлбаеваны неге қорғап отыр? Неліктен бұл оларды сонша қызықтырады?”, – дейді адвокат. 

Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев Салтанат Нүкенова көз жұмған Гастроцентр кешенінің кімге тиесілі екенін айтқаны туралы жазған едік. 

Талқылау