Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Жоғарғы соттың қарауына түсті
Әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айып тағылған Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Жоғарғы Соттың қарауына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс Жоғарғы соттың қарауына жіберілді.
Қуандық Бишімбаев бұған дейін қатаң режимдегі колонияға ауыстырылған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды. Кейін олар апелляциялық сотқа жүгінді. Десе де сот үкімі өзгеріссіз қалды.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты