Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы қамауға алынды
Бүгін сондай-ақ «Біріңғай зейнетақы жинақтау қоры» басшыларының қамауға алынғаны да белгілі болды. Дегенмен, Ұлттық банктегілер олардың аты-жөндерін атаған жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Белгілісі, қолдарына кісен салынған қор басшыларының бірі мен оның орынбасары. Естеріңізге салсақ, жаңа жылдың алдында ғана «Бузгул-Аурум» компаниясының құнды қағаздарын сатып аламыз деп, бастары бәлеге қалған. 5 миллиард теңгені мақсатсыз жұмсады деп айыпталғандардың ісімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр. Алайда, Ұлттық банк өкілдері жұмсалған ақша жұрттың зейнетақысы емес, қордың өз ақшасы деп сендіруге тырысуда. Негізі, жаппай тексеруге де осы бас банктің шағымы түрткі болған екен.
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген
"Тырнақ пен қас жасауға кеткен": БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлілердің туысы олардың өлімі туралы мән-жайды айтты
Жергілікті билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр