AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреудің қайғысынан пайда көріп отыр": Шымкент тұрғыны қайырымдылық қорын алаяқтық жасады деп айыптады

Шымкенттік отбасы “қайырымдылықпен айналысатын еріктілер басқаның қайғысынан пайда көріп отыр” деп есептейді. 17 жастағы Назила Хасановаға бүйрек трансплантациясы қажет. Қайырымдылық қорлардың бірі көмектесуге ниет білдірген. Бірақ істің соңы полицияның араласуымен аяқталды,   деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия бірінші” арнасына сілтеме жасап. 

Төрт бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананың қайырымдылық ұйымының жұмысынан көңілі қалды. Гүлнара Мадалиеваның айтуынша, 17 жастағы қызына бірнеше жыл бұрын "5-ші сатыдағы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі" диагнозы қойылған. Назила Хасеноваға тек ағзаны трансплантациялау көмектесе алады.

2019 жылы Гүлнарға қор өкілдері операцияға қаражат жинауды бастау туралы ұсыныспен жүгінген. 

“Қуаныштан төбем көкке бір елі жетпеді. Ертең сағат 9-да келіңіз деді. Түнімен ұйықтай алмадым. Барсам кабинетінде отыр. Талғат деген жігіт. Қайырымдылықпен айналысады екен, директормен деді. Одан бөлек құрылыс саласында істейтін көрінеді. Балама шын жүректен көмектескісі келетінін айтты”, – деді Гүлнара Мадалиева.

Оның сөзінше, ерікті ағзаны ауыстырып, қызын аяқтан тұрғызуға уәде берген. Сосын өз қолымен ақша жинауға рұқсат бергенін жазуды сұраған.

Гүлнара қала ішінде қызына ақша жинап жүрген еріктілерді бірнеше рет көргенін айтты. Бірақ 2 жылдан бері қолына бір тиын алмаған. Күдіктенген ол полицияға арыз жазған.



Ал қайырымдылық қордың құрылтайшысы ұйым 3 жыл бұрын пилоттық жоба ретінде құрылғанын мәлімдеді. Мақсат – көмек қажет балаларға қол ұшын беру. Назилеге де көмектесуге дайын.

“Бұл мәселені ушықтырмай шеше аламыз. Квота арқылы көмектесе алатындар бар. Мен бұл шығындарды төлей аламын. Анасына хабарласып клиникаға жолдама алғанымызды айтқанмын. Адамдар бізге көмектесуге дайын”, – деді қайырымдылық қордың құрылтайшысы әрі директоры Талғат Дүйсемұратов.

Бірақ Гүлнараның бұл жаңалықтан хабары жоқ. Мұның себебін қор қызметкерлері түсіндіріп бере алмады. 

Қазір Назила емдеу курсынан өтіп жатыр. Бірнеше айдан кейін оған бүйрек трансплантациясы жасалады. Донор – анасы.

“Күніне тек жарты литр ғана су ішуге болады. Одан көп ішсем тыныс алуым, жүруім қиындайды, ентігемін”, – дейді Назила.

Енді отбасы Талғат Дүйсемұратов сөзінде тұрады деп сенеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр