Бір отбасының 17 мүшесі коронавирус жұқтырып алды
Ұлыбританияның Хейлсовен қаласында туысының жерлеу рәсіміне қатысқан 17 адамнан коронавирус анықталған және инфекцияны жұқтырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Metro басылымының хабарлауынша, 86 жастағы Шейла Брукс 9 ақпанда коронавирустан қайтыс болды. Оның жерлеу рәсімі екі апта бұрын, оқшаулау шаралары қабылданғанға дейін өткен және оларға үлкен отбасы мүшелерінің көпшілігі қатысқан.
Арадан көп уақыт өтпей,13 наурызда Шейланың жиен-сіңлісі 65 жастағы Сьюзен Нельсон ауырып, коронавирус жұқтырды деген күдікпен көз жұмған.
Енді жерлеу рәсімінде болған тағы 16 адам сол кезде инфекцияны жұқтырып алдық деп күдіктеніп отыр.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”