Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір өлімнен қалдым": Роза Рымбаева өміріндегі ауыр күндер туралы

Халық әртісі Роза Рымбаева өзін бақытты әйелдердің қатарына қоспайтынын жасырмаqды. Есесіне босанарда бір өлімнен қалғаны болмаса, әрдайым бақытты аналардың санатында екенін айтns, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Роза РымбаеваСурет: instagram.com/rozarymbaeva/

«Бақытты әйелмін деп айта алмаймын. Әйел ретінде бақытсызбын. Ал ана ретінде бақыттымын. Бірақ ана болған соң, өмір мүлдем өзгереді деп айтады. Өмірің балаларға арналады. Сол себепті менің бақытым – балаларым, одан кейін қызметім, өнерім. Менің күрсініп, жылайтын уақтым жоқ. Ол эгоизм болып кетеді. Қазір ұрпағың үшін өмір сүруің керек», - дейді Роза Қуанышқызы. 

Әрі қарай ол бүгінде ата-анасына, марқұм жолдасына, айналасындағы туған-туыстарына алғыс айтатынын жеткізді. Сондай-ақ, қайғы мен қуанышта қатар жүрген достарының атын атауды да ұмытпады. 

«Әлиді дүниеге әкелген кезде бір өлімнен қалдым. Дәрігеріміз «Сізге демалу керек. Себебі мынандай қатерлі дүниеден аман қалдыңыз» деді. Содан екінші балам дүниеге келгеннен кейін де үлкен операциядан өттім. Сонымен Құдай берген екі баланың анасы болдым», - деді халық әртісі. 

"Анам қайтыс болғанда базар аралап, жылқы іздеп жүрдім": Роза Рымбаева өміріндегі ауыр сәт туралы айтып жылады >>>

Естеріңізге сала кетсек, Роза Қуанышқызы қатты ренжіскен адаммен араласқысы келмейтінін айтқан еді. 

Талқылау