Соңғы жаңалықтар

"Бір басшы табылмағаны өкінішті": Мейрамбек Бесбаев Алматы басшылығына өкпелі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының басшылығына өкпесін айтты. Бесбаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі. Алайда сөзін тыңдамаған қала басшылығына айтары бар. 

"Алматы – көшелерінде талай мықтының табанының табы қалған, ән мен жырға арқау болған алып шаһар. Бір өкініштісі, сол қаланың бұрышынан қуықтай мекен бұйырмай жүрген өнердегі біраз ақсақалдарымыз бар. Айтудай-ақ айттық. Тыңдайтын құлақ жоқ.
Өнерпазына үрке қарайтын елде тұрып жатырмыз. Алдыңғы буын ағаларымызды ардақтайтын бір басшы табылмағаны өкінішті. Барын бағалай алмаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бола ма?", - деп жазды Бесбаева парақшасында. 

Еске сала кетейік, Мейрамбек Беспаев 2019 жылдың қыркүйек айында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Әнші біраз уақыт бұрын Сағынтаевтың ауқымды жұмыстар атқарғанына куә болғанынан хабарлаған еді. Қала әкімі аз уақыт ішінде айтарлықтай тың дүниелер жасады деп мақтады. 

Бесбаев биылғы жыл басынан бері Қазақстан орындаушылар одағының төрағасы қызметін қатар алып жүр. Бұл ретте әнші өнер иелерінің құқығын қорғайды. 


"Кірмей қала ма деп қорқам", "Өтім жыбырлап кетті" әндерінің авторы Мейрамбек Бесбаевқа ренішін айтты



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр