Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Былтыр елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болды – депутат

ҚР парламенті сенатының депутаты Жанна Асанова елімізде 2023 жылы тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

СҚО-да 8-сынып оқушысы екінші сыныпта оқитын қызды зорламақ болған

Депутаттың Facebook парақшасында бір жыл ішінде тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша 99 мыңнан астам өтініш түсіп, балаларға қатысты 2 452 қылмыс жасалғанын жеткізді. Ешкімді бей-жай қалдырмаған бірнеше атышулы істер болғанын да атап өтті. 

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы дайын және ол кез келген күні мәжілісте талқыланады. 



"Алайда, мемлекет басшысы атап өткендей, қоғам агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен толықтай бас тартпаса, қандай заңнамалық өзгерістер болса да тиімді болмайды. Отбасы институтын нығайту, адам мен тұлға құқығын құрметтеу, ішкі өзара сыйластыққа тәрбиелеу – осы құрамдас бөліктердің барлығы тепе-теңдікте болса, адам құқығы деген институттың құрылысы басталады. Адамның барлық құқығын конституциялық түрде бекітіп, мемлекет тарапынан қорғап, жүзеге асыру біздің қолымызда", - деді ол.

Талқылау