AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"80%-ы аттестациядан өте алмады": Аймағамбетов жекеменшік балабақшалардағы жағдай туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймахамбетов еліміздегі балабақшаларға қойылатын талаптарды қатаңдатуды ұсынды. Айтуынша, мекемелерде орнатылған бейнекамералардың арқасында қоғам балалардың құқықтары бұзылған фактілер туралы хабардар етіп отыр. Бұл балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігі туралы ұстанымның өзекті екенін растайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балабақша
Асхат Аймағамбетов он жылдан астам уақыт бұрын балабақшалар санының жылдам өсуін ынталандыру үшін лицензиялаудан, кейін мемлекеттік бақылаудан, мониторингтен және олардың қызметін реттеуден бас тарту туралы шешім қабылданғанын атап өтті. 

“Ол қандай нәтиже берді? Жекеменшік балабақшалар саны күрт артып, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар бірден 99%-ға дейін қамтылды. Бұл – жақсы нәтиже. Алайда балабақшалар санын көбейтуге мүмкіндік болса да, сапа мәселесі өзекті болып қала береді. Балабақшалардың жартысы техникалық және санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттарда, білікті мамандарсыз және қауіпті жағдайларда ашылған. Мұндай фактілер жеткілікті”, – деді Аймағамбетов. 

Екі жыл бұрын біз лицензиялау мен мемлекеттік бақылауды қайтару жоспарланған. Алайда сол кезде кәсіпкерлер палатасының, балабақшалар қауымдастығының және бірқатар мемлекеттік органның қарсылығынан кейін бұл норма заңға енгізілмей қалған дейді.



“Бірақ біз бұл бағытта жұмысты тоқтатпадық. 2021 жылдың соңында мемлекеттік аттестаттау жүйесін енгізе алдық. Аттестация нәтижесі көңілден шықпады. Тексерістен өткен балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмады”, – деп қосты министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, балабақшадағы бүлдіршіндерге қолайлы жағдай жасалмауы, оқу-тәрбие жұмыстарының мемлекеттік білім беру стандартына, қауіпсіздік техникасы, өрт және санитарлық нормалардың талаптарға сәйкес келмеуі, тәрбиешілердің қол көтеруі және басқа да келеңсіз фактілер басты мәселеге айналып отыр.

“Сондықтан қазір бес негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз:

1. Лицензиялауды қайтару. Бұл мәселе бойынша депутаттардың, қоғам мен мемлекеттік органдардың қолдауына үміт артамыз;

2. Жұмыс жағдайлары мен сапасын тексеріп, барлық балабақшаны аттестациялаудан өткізу;

3. Балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға қойылатын талаптарды күшейту;

4. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру.  Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру;

5. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту”, – деп түсіндіріп өтті ол.

Соңғы жылдары балабақша тәрбиешісі мамандығына оқуға түсуге конкурс күрт төмендеп кеткен. Бұл ең алдымен жалақыға байланысты. Тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өскенімен, базалық жалақының аздығынан ол әлі де болса жеткіліксіз. Қазір бірнеше балабақшада пилоттық жоба іске қосылған. Бұл жоба бойынша екі тәрбиеші жарты күн емес, күні бойы жұмыс істеп, екі есе жалақы алады. Кейін пилоттық жоба нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

“Әрине, жекеменшік балабақша ашатын кәсіпкерлерді қолдау маңызды екенін түсінеміз. Бірақ біздің жұмысымыздағы басты бағыт – балалардың қауіпсіздігі және оларға қолайлы әрі сапалы жағдай жасау. Мұндай ережелер ата-аналар үшін маңызды және адал кәсіпкерлер үшін пайдалы деп есептеймін”, – деп түйіндеді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр