Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі Қазақстандағы мектеп директорларының жалақысын көтеру мәселесін қарастыруда

Қазақстандағы мектеп директорларына оқу жүктемесіне сәйкес жалақы төленетін болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі уақытта мектеп басшыларына еңбекақы төлеу мәселесі қызу талқылануда. Қазіргі жалақылар деңгейі бәсекеге қабілетті менеджерлердің директор болып жұмыс істеуге қызығушылығын тудырмай отыр. Білікті мұғалімдер завуч, мектеп директоры болып жұмыс істеуге құлықты емес. Сондықтан бұл жерде өзгеріс қажет", – деді министр тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Қазақстанда мектеп директорларының мұғалімдерден төмен жалақы алатын жағдайлар жиі кездеседі. 

"Сондықтан білім және ғылым министрлігі біздің мектептердің директорларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде әртүрлі ұйымдар үшін сыйақының дифференциациясы енгізіледі Мен айтайын дегенім, біз 40 оқушысы бар директорға да, 1200-2000 оқушысы бар директорға да бірдей жалақы төлейміз. Әлбетте, мұнда жұмыс көлемі мен жауапкершілік дәрежесі әртүрлі. Біз бұл туралы айттық, министрлік тиісті шешім дайындап жатыр", – деді Асхат Аймағамбетов.

Талқылау