Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Билікке мастанғандар": ШҚО әкімі кәсіпкерлермен арадағы араздыққа түсініктіме берді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей кәсіпкерлерінің шағымдарына түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір топ кәсіпкер президенттің атына Даниал Ахметовтің үстінен шағым түсіріп, хат жазған еді. Олардың сөзінше, мемлекеттік сатып алу тендерлерін үнемі әкімшілікке жақын мердігерлер жеңіп алады. Кәсіпкерлер пандемия кезінде бір көзден сатып алу жағдайлары жиілеп кетті деп шағымданды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жағдайды ақпараттық қысым мен бопсалау деп атады.

"Бұл негізсіз субсидиялар бөлуге мәжбүрлеу, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға қойылатын талаптарға қарсы тұру мақсатында мемлекеттік билік органдарына және жеке өзіме банальды қысым жасау әрекеті", – деді Ахметов Kaliyev channel Телеграм-арнасына берген сұхбатында.

Атап айтқанда, Semey Bus автобус паркі автобустарды Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) қарызы есебінен сатып алып, осы несие бойынша қарыздарын жинақтады, деп жалғастырды ол.

"Бірақ жобаның жалпы құны 4,2 миллиард теңге (шамамен 10 миллион доллар) болса, оның 600 миллионын (1,4 миллион доллар) Семей қаласының әкімдігі салған болса, акционерлер 7,4 миллиард теңге (17 миллион доллар) көлемінде субсидия бөлуді сұрады. Бұл біртүрлі арифметика", – деді Ахметов.

Наразы кәсіпкерлер арасында Семейде жолдарды жөндеумен айналысатын компания бар. Ахметовтің сөзінше, ұйым басшысы жөндеу жұмыстарының сапасына қойылатын талаптарды қатаңдатумен келіспейді. Ал қоқыс полигонының иелері жаңасын салуға кедергі келтіруде, өйткені олар "қоқыстан тапқан керемет сомалардан" айырылғысы келмейді, деп есептейді облыс әкімі.



Қалалық мәслихат депутаттары да әкімге шағым жазылған хатқа қол қойды. ШҚО басшысы олардың барлығы бизнесмендер екенін айтты.

"Олардың барлығын, қазір айтқандай, "билікке мастанғандар" санатына жатқызуға болады: осы жылдар ішінде олар көп миллиардтық тендерлерді игеріп, депутаттық орындарға ие болды. Олардың қалалық мәслихаттымен арасындағы келіспеушіліктері қалалық әкімдіктің жүргізілетін жұмыстардың сапасына қоятын әділ талаптары төңірегінде ғана туындады", – деп өз ұстанымын білдірді Ахметов.

Еске салайық, семейлік және өскемендік кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің отставкаға кетуін талап етті. 

Аймақтың әр жерінен жиналған кәсіпкерлер өңір басшысының әрекеттерінен зардап шеккендерін айтып, баспасөз жиынын өткізген. Негізінен олар тендер ойнатуда әкімдіктегілер ауыз жаласуға жиі баратынын айтып шағымдануда. Бұған қоса, наразы бизнесмендер пандемия кезінде әкімдік тек бір мердігерден қажетті заттар сатып алғанын алға тартады. Сөздерінше, бұл жерде де  іс таза емес. 

Талқылау