Бие сүтінің ағзаны тез қартайтпайтыны дәлелденді
Саумал ішсең сау жүресің. Бие сүтінің ағзаны тез қартайтпайтын да әсері бар екен. Ұлттық тағамтану академиясының ғалымдары зерттеу жүргізіп, осындай тұжырымға келген, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Саумал мен қымыз созылмалы аурулардың алдын-алып, диабет пен остеопорозды емдеуде таптырмас дәрі дейді олар.
Бие сүті әсіресе егде жастағы адамдар үшін өте пайдалы екен. Екі ай бойы күнделікті үзбей саумал ішкен қарттарда холестерин азайып, ағзадағы глюкоза мөлшері қалыпты жағдайға түсіпті. Бұл өз кезегінде кәрілікті тежеуге септігін тигізетін көрінеді. Дегенмен, бие сүтінен жасалған тағамдардың пайдасы мол болғанымен, құны тым қымбат. Оның үстіне, саумалды суытпай ішуге көбінің, әсіресе қала тұрғындарының мүмкіндігі жоқ. Бірақ бұл олқылықты жоюға болады дейді академик Төреғали Шарманов.
Жіберіп алмаңыз:
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады