Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейтаныс қызға бүйрегін берген жігіт: Ештеңеге өкінбеймін

Абзал Әділов қазіргі уақытта Алматы қаласында. Оның сөзінше, ота сәтті жасалған. Өткен аптада Абзалдың бүйрегін Шымкенттік Жәмила Байсеріковаға орналастырған. Ал 23 қазанда жігіт ауруханадан шыққан.

Бұл туралы Уральская Неделя хабарлайды.

Абзал Әділов бір-екі ай көлемінде Алматыда болатынын айтты. Оның денсаулығы дәрігерлердің қатаң бақылауында. Жәмила Байсерікова әлі де ауруханада жатыр. Жаңа бүйректі ағзасы қабылдау үшін, біраз уақыт ем қабылдауы тиіс.

Абзал Әділов – Орал өңірі Ақжайық ауданының тумасы. Ол Алмалы ауылында туып-өскен.

«Өзім – қарапайым адаммын. Мамандығым – құрылысшы. Былтыр теледидардан Жәмила Байсерікованың ауыр жағдайы туралы білгенмін. Екі бүйрегі бірдей істен шыққан. Ал ата-анасының донорлық бүйрек сатып алуға ақшасы жоқ. Өз бүйрегімді беремін деген шешімге берден келмедім. Бірақ Жәмиланың жағдайы жүрегімді ауыртты. Дәл осындай жағдай өз басыма түскенде, қайдан ақша табарымды білмей дал болатынымды ойладым. Ата-анаммен ақылдасып, артынша интернеттен Жәмиланы іздеп таптым. Біраз сөйлестік. Мұнан кейін оған көмектесіп, бір бүйрегімді бергім келетінін түсіндім. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Ештеңеге өкінбеймін», – дейді Абзал Әділов.

Жіберіп алмаңыз:

Аштықтың қартаюға қарсы пайдасы дәлелденді

Қарағанды облысында тиісті екпе алмаған 3 бала туберкулезге шалдықты

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі

Ақтауда жүкті әйел өзінің қарынын тілгілеп тастады

Талқылау