Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес қыздың әкесі құрсақтағы баланың жынысын білу үшін жүкті әйелінің ішін кесті

Үндістанда 5 қызы бар 43 жастағы ер адам әйелінің құрсығындағы баланың жынысын білу үшін оның ішін кесіп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндістанның Бадаюн қаласындағы үйде отағасы, 43 жастағы Панналал есімді ер адам жүкті әйелі Анита Девиге шабуыл жасап, ішін кесіп тастады. Ерлі-зайыптылардың бес қызы болған, ал мұрагер ұлдың дүниеге келуін қатты қалаған азамат, осылайша әлі тумаған баланың жынысын анықтауға шешім қабылдаған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жергілікті діни қызметкер Панналалға жұбайының қыз босанатынын айтқан. Ашуланған күйеуі алдымен оны түсік жасатуға мәжбүр еткен. Алайда, 35 жастағы Анита баланы қалдыруға бекініп, соңына дейін күрескен.

"Ол бес қызды дүниеге әкелгені үшін әпкемді жиі ұратын. Біздің ата-анамыз бірнеше рет араласқан. Бірақ ешкім оны мұндай жауыз қадамға барады деп ойлаған жоқ", - деді Анита Девидің інісі. 

Әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, ал күйеуі қамауға алынды. Ер адам бұл жазатайым жағдай екенін айтты. Күдікті әйеліне лақтырылған орақ оны қатты жарақаттауы мүмкін деп ойламапты.

Талқылау