"Берілмеңіздер": Навальный өзіне қастандық жасалған жағдайда не істеу керегін айтып кеткен
Алексей Навальный өзіне қастандық жасалған жағдайда Ресей халқына қандай үндеу жолдағысы келетінін айтып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Навальный бұл туралы 2022 жылы прокатқа шыққан Дэниел Роэрдің "Навальный" фильміне берген сұхбатында айтқан. Фильмде режиссер Навальныйден өзіне қастандық жасалған жағдайда Ресей халқына не айтқысы келетінін сұрайды.
"Берілмеңіздер! Егер олар мені өлтіруге дейін баратын болса, бұл біздің ерекше күшті екенімізді білдіреді. Естеріңізде болсын, біз өзіміздің қаншалықты күшті екенімізді түсіне алмағандықтан ғана осы зұлымдардың қамыты астында жатқан үлкен күшпіз", – дейді Навальный.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың түзету мекемесінде көз жұмғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн